Image

ҰСТАЗДАР ТОҚТАР МАҒЗҰМОВПЕН ЖҮЗДЕСТІ

ҚР Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» халықаралық сыйлығының иегері, оралхантанушы, өлкетанушы, Оралхан Бөкейдің жиені Тоқтар Мағзұмовпен ауыл-аймақ мектептерінің қазақ тілі және әдебиеті пәні ұстаздарының рухани жүздесуін өткіздік. О.Бөкейдің 80 жылдығына орайластырылған кездесуде Тоқтар Нұржақыпұлы қазақ классигі туралы естеліктер толғап, Алтай тарихы хақындағы өз шығармашылығы туралы да әңгімеледі. Емен-жарқын сұқбат барысында мұғалімдердің сан сауалдарына да жауап берді. Оралхан Бөкейдің және басқа да қазақ жазушыларының шығармаларынан жатқа үзінді оқып, ұстаздарды тәнті етті. Сонымен бірге, ұстаздар өлкетанушы-жазушының «Алтай өрнектері» кітабы бойынша геймификация ойынына қатысып,тарихи сұрақтарға белсенді жауап берді.

Жүздесу барысында өлкетанушы, оралхантанушы жазушы Тоқтар Мағзұмовтың жан-жақты білімі мен шешендігіне риза болған ұстаздар қауымы алғыстарын жаудырды.