Бақы Ыдырысұлы Урманче (1897-1990) – суретші, кескіндемеші, мүсінші, график, фотограф. Қазақ КСР еңбек сіңірген суретші, РКФСР халық суретшісі, ТАКСР халық суретшісі.
Татар елінің кәсіби жоғары білім алған тұңғыш суретшісі. Қазан көркем көркем шеберханасында (1919 жыл) және Мәскеу қаласындағы Жоғары көркем-техникалық шеберханасында (1926) білім алған.
1941-1956 жылдар аралығында Қазақстанда шығармашылығын жалғастырған Бақы Урманче еліміздің мәдениет қайраткерлері Дина Нұрпейісова, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов (1941) және Шара Жиенқұлованың бейнесін салды. Сонымен бірге, «Амангелдінің штабы» (1944), «Абай жұмыс үстінде» (1945), «Жангелдиннің ұлы жорығы» (1948) атты туындылары, М.Әуезовтың «Абай» роман эпопеясы бойынша суреттер топтамасы (1946), қазақ ертегілері бойынша көркем сурет шығармалары (1950) еліміздің рухани байлығын арттыруға қосқан ерен үлесі деуге болады.
Қазақ әдебиетінің классигі Оралхан Бөкейдің «Мұзтау», «Сайтан көпір», «Қар қызы», «Жасын», «Жетім бота», «Қамшыгер», «Айпара ана туралы аңыз», «Мынау аппақ дүние» шығармалары бойынша салған суреттері де қазақ сурет өнеріндегі баға жетпес байлық болып бүгінгі ұрпаққа жетті.
«Жетім бота» хикаят
Домбыраны алды да, Тасжан ешқашан естімеген күйді бастады. Сай-сүйегіңді сырқыратып, алпыс екі тамырыңды иітетін мұңлы әуен, соны мақам. Өмір мен өлімнің арасындағы адам баласы жүріп өтетін сапардың барлық мазмұнын баяндап беріп жатқандай. Құрлық пен теңіздің шектелер тұсындағы қалай қарай барарын білмей сенделген жетім ботаны жетелеп, әке-шешесін сағына тосқан қыздың зары, аялы алақан, ыстық ықыласты іздеген жалғыз жанның опасыз жалғаннан күдер үзген соң өз жаназасын өзі шығаруы.
Домбыраның ішегі тарс етіп үзіліп кетті. Оны иесі әдейі үзген еді...
Жетім бота / Осиротевший верблюжонок
Баки Идрисович Урманче (1897-1990) - советский татарский живописец, скульптор, график, фотограф. Народный художник РСФСР, народный художник ТАССР, заслуженный художник Казахской ССР
Первый татарским художник, получивший высшее профессиональное образование. Окончил казанские художественные мастерские (1919 год), а затем ВХУТЕМАС (1926). В 1941-1956 годах Баки Урманче работал в Казахстане, где им были созданы: портреты деятелей истории и культуры республики (Дины Нурпеисовой, М. Ауэзова (1941); С.Муканова, Ш.Жиенкуловой); исторические полотна «Штаб Амангельды» (1944), «Абай за работой» (1945), «Великий переход Джангильдина» (1948); иллюстрации к роману М. Ауэзова «Абай» (1946), к казахским сказкам (1950).
В композиции представлены графические рисунки к произведениям выдающегося казахского прозаика О.Бокея: «Человек-Олень», Крик», «Снежная девушка», «След молнии», «Осиротевший верблюжонок», «Камчигер», «Сказание о матери Айпаре», «Отголосок юных дней».
Повесть «Осиротевший верблюжонок»
«Акбота взяла домбру и начала кюй, которого Тасжан никогда не слышал. Печальный мотив, своеобразная игра произвели на него глубокое впечатление, все кости заныли, его охватила тоска. Кюй как будто рассказывал о путешествии, которое совершает человек, постоянно находясь между жизнью и смертью. В нем слышался и плач осиротевшего верблюжонка, который бродит по берегу моря, не зная, куда податься; в нем было и горе девушки, которая с тоской ждет своих родителей; и заупокойная одинокого человека, которая совершается им над самим собой, когда уже потеряны всякие надежды в этом обманчивом мире на рукопожатие теплой дружеской руки…».