«Неткен ғажап дүние!»: ІІ-республикалық публицистика байқауы.

Кітапханамыз Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай жыл басынан бері түрлі шараларды қолға алып келеді. Соның ішіндегі ең ауқымдысы – «Неткен ғажап дүние!» атты ІІ-республикалық публицистика байқауы болып отыр. «Мен очеркке жан бітірдім, бойына қан жүгірттім. Мал, малшы, өндіріс, жұмысшы» деп күбірлеп-сыбырлап келгем жоқ. Бар дауысыммен айқайлап «АДАМ!» деп келдім. Иә, бізге керегі – ең әуелі Адам» деген кезінде Оралхан Бөкей. Қала әкімдігі қолдау көрсеткен бұл байқаудың мақсаты – жазушының осы көркем мәнерін жаңғырту, ізбасарларын анықтау, қолдау.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанатына қала әкімі Жақсылық Омар қатысып, шара шымылдығын өз сөзімен ашты. Одан кейін белгілі қаламгерлер Әлібек Асқар, Нұртөре Жүсіп және Асқар Алтай Оралхан Бөкейді еске алып, жылы естеліктерімен бөлісті.
Қазылар алқасының шешімімен «Неткен ғажап дүние!» байқауының Бас жүлдесін астаналық Жантас Еркінұлы «Тілей» атты очеркімен жеңіп алды. Оған 1 млн теңгенің сертификаты берілді. Ұлытау аймағынан ат арытып жеткен қаламгер Абай Ораз «Тобылғы жарғанның суығы» атты очеркі үшін бірінші орынды иеленсе, екінші орынға Алматыдан келген Айзат Рақыш («Қымбаттың Бойтұмары» очеркі үшін), үшінші орынға жерлесіміз Айнаш Асанова («Жұлдызыңыз жоғары болсын» атты очеркі) жайғасты. Барша жеңімпазға қаржылай сыйлықтан бөлек, Өскемен қаласы әкімінің дипломы мен сертификаты берілді.
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image

Оралхан Бөкей ескерткішіне гүл қойды

Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы аясында кітапханамыз ұйымдастырған «НЕТКЕН ҒАЖАП ДҮНИЕ!» атты Оралхан Бөкей атындағы республикалық ІІ-публицистика байқауының жеңімпаздарын марапаттау
салтанатына алыстан ат арытып жеткен жазушылар мен жеңімпаздар алғашқы қадамдарын Оралхан Бөкей ескерткішіне гүл рәсімінен бастады. Алғы сөзде жазушы, журналист, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы жазушы туралы толғанысты естелігін бөлісті. Осыдан кейін Алтайдың аяулы Ұлының асқақ тұлғасына тағзым етіп, гүлмен көмкерді. Шара келесі кезекте Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханада байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанатымен жалғасты.
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image

НЕТКЕН ҒАЖАП ДҮНИЕ!

Image
Оралхан Бөкей атындағы республикалық "НЕТКЕН ҒАЖАП ДҮНИЕ!" атты публицистика байқауының Жеңімпаздары және Жазушылар - Оралхан Бөкейдің туған жерінде.
Image
Image
Image
Image
Жүлдегер шығармаларды оқыңыздар!

Еркінұлы, Жантас. Тілей [Мәтін] : [О. Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай өткен «Неткен ғажап дүние» атты байқауда жеңімпаз атанған шығарма] / Ж. Еркінұлы // Дидар. – 2023. – 12 қазан. – Б.14.