Қасиетті Түркістан жерінен келген қонақтарымыз
Оралханның туған жерінде

Сонау киелі Түркістан жерінен Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай келген қонақтарымыз жазушының туған жеріне ат басын бұрды.

"Фараб" облыстық кітапханасының бас маманы Нәлтаева Пернегүл Сейітбекқызы өзінің толғанысымен бөлісіп, былай дейді: қара сөздің қас шебері атанған Оралханның туып-өскен киелі мекені Шыңғыстай жеріне тағзым етіп, келіп тұрмыз.. Оралхан ескерткіші, өзі отырып керемет шығармаларын жазған қара тас, Оралхан мен Айманның махаббатына куә болған қос қайың .... Оралхан туы-өскен қара шаңырақ, мұражай-үйі - осының бәрінен алған әсерлеріміз ерекше!

Оралханды көзі көріп, бірге өскен замандас дос-құрбылары Аманжан мен Бахтинаның естелік-әңгімелері де өте ұнады, оларға ризашылығымыз шексіз.

«Мың рет естігеннен, бір рет көрген артық» дейді ғой. Қасиетті Түркістан елінен жазушының туған жеріне келген іс-сапарымыз сәтімен болып жатыр. Бәрін өз көзімізбен көргеніміз үшін өте ризамыз!