Исин Болат Кәрімұлы - суретші, кескіндемеші, сәндік қолданбалы өнердің шебері, КСРО Суретшілер одағының және Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі
Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Мақаншы ауылында 1952 жылы өмірге келген. 1978 жылы Батыс Украинаның В. Касиян атындағы Косово халықтық көркем өнер техникумын бітірген. Бірқатар жылдар бойы сәндік-қолданбалы өнер саласында жемісті еңбек етіп, көптеген көркем туындылардың авторы ретінде елге танылды.
«Жiгер» фестивалінің иегері (Алматы, 1988), Суретшілердің «Тау Түрген» шығармашылық үйінде өткен халықаралық симпозиумдардың жүлдегері (1993, 1995), «Қазақстан-2000 шығармашылық сыныбы» халықаралық өнер фестивалінің иегері (Алматы, 2000), ШҚО әкімі сыйлығының иегері.
Қазақ әдебиетінің классигі Оралхан Бөкейдің «Ардақ», «Зымырайды пойыздар», «Ән салады шағылдар», «Кербұғы», «Апамның астауы», «Тортай мінер ақбоз ат», «Қамшыгер», «Қайдасың, қасқа құлыным?» атты шығармалары бойынша салған көркем туындылары еліміздің рухани қазынасына қосылған құндылықтар.
Тортай мінер ақбоз ат / Бело-сивый конь Тортая
Исин Болат Каримович (1952 г.) - художник, живописец, член СХ Казахстана
Уроженец с. Маканчи Урджарского района Семипалатинской области (ныне Восточно-Казахстанская область). В 1978 г. окончил Косовский техникум народно-художественных промыслов им. В. Касияна в Западной Украине. Активно и плодотворно работал в области декоративно-прикладного искусства. Лауреат фестиваля «Жiгер» (Алматы, 1988), лауреат международных симпозиумов художников в Доме творчества «Тау Тургень» (1993, 1995), лауреат Международного фестиваля искусств «Мастер-класс Казахстан 2000» (Алматы, 2000), лауреат премии Акима ВК области.
В композиции представлены акварельные работы к произведениям выдающегося казахского прозаика О.Бокея: «Ардак», «Поезда проходят мимо», «Поющие барханы», «Кербугу», «Деревянное корыто моей бабушки», «Бело-сивый конь Тортая», «Камчигер», «Где ты, мой жеребенок белолобый?»