Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай
«НЕТКЕН ҒАЖАП ДҮНИЕ!»
тақырыбы аясында көркем очерк жазудан
Оралхан Бөкей атындағы республикалық
ІІ-әдеби публицистикалық байқау өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
«Мен очеркке жан бітірдім, бойына қан жүгірттім. ...«мал, малшы, өндіріс, жұмысшы» деп күбірлеп-сыбырлап келгем жоқ. Бар дауысыммен айқайлап «АДАМ!» деп келдім.
Иә, бізге керегі – ең әуелі Адам, Адамның тағдыры»
Оралхан Бөкей
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАС МӨЛШЕРІ
Республикамыздың барлық аймағынан 25 – 45 жас аралығындағы жазушылар және БАҚ өкілдері қатыса алады.
ШЫҒАРМА ЖАНРЫ:
- Көркем очерк;
- Байқау атауы – «НЕТКЕН ҒАЖАП ДҮНИЕ!»
(Оралхан Бөкей очеркінің тақырыбымен аталды)
- Қатысушы авторлық очеркіне сай тақырып қояды.
- О.Бөкей очерктерін оқып шыққаныңыз абзал!
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
- Мемлекеттік тілде жазылуы;
2.Ұсынылған шығарманың әріп өлшемі – 14, Times New Roman; 1,5 арақашықтығында;
- Он бес (15) беттен аспауы;
- Бұрын ешқайда жарияланбауы;
- Кейіпкері – шынайы өмірде бар ауылдағы еңбеккер замандасымыз болуы;
- Көркем тілде және сауатты жазылуы, тәрбиелік маңызы болуы тиіс;
- Қазақстан Республикасы Заңына қайшы келетін, яғни ұлтараздықты, дінаралық алауыздықты тудыратын, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, адамның ар-ожданына тиетін және т.б. теріс пиғылдағы шығармалар байқауға қабылданбайды;
- Автор ұсынатын шығармасында аты-жөнін, жұмыс орынын, тұрғылықты мекенжайын, телефонын, электрондық мекенжайын нақты көрсетуі тиіс.
- Әр автордан тек бір ғана жұмыс қабылданады;
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ
- 2023-жылдың 9-ақпанынан 1-қыркүйегіне дейін шығармашылық жұмысты Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. электрондық пошта мекенжайына жіберу, немесе баспа түрінде кітапханаға әкеліп тапсыруы керек;
- Байқау тақырыбына, талаптарына сай келмейтін және белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін жолданған жұмыстар байқауға қатыстырылмайды;
- Жазушылар және Журналистика саласының кәсіби мамандарынан құрылған «Қазылар алқасы» жұмыстарды жан - жақты бағалайды.
БАЙҚАУ ЖҮЛДЕЛЕРІ
Қазылар алқасының дауыс беруі бойынша анықталған жеті (7) жеңімпаз келесі орындар бойынша марапатталады:
- БАС ЖҮЛДЕ – Оралхан Бөкейдің бейнесі бедерленген естелік ескерткіш және Өскемен қаласы әкімінің Дипломы, қаржылай сыйлық Сертификаты;
- 1, 2, 3 орын – Өскемен қаласы әкімінің Дипломы, қаржылай сыйлық Сертификаты;
- Ынталандыру сыйлығы (3) - Өскемен қаласы әкімінің Дипломы және Сертификаты.
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ
- 2023 жылы, 27 қыркүйекте – Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханада жеңімпаздармен жүздесу.
- 28 қыркүйекте – Оралхан Бөкейдің туған күнінде жазушының туған өлкесі Катонқарағай ауданында жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтеді.
АВТОРДЫҢ КЕЛІСІМІ
- Ұсынылған шығармаға авторлық құқықтың бар екеніне кепілдік беруге;
- Шығармашылық жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда, ғаламторда, немесе әлеуметтік желілерде жариялауға;
- Ұйымдастырушыға қандай да бір қаржылық талаптар қоймауға келісім береді.
ФЕСТИВАЛЬ МАҚСАТЫ
- Оралхан Бөкейдің әдеби мұрасын насихаттау, дәріптеу;
- Елі мен Жерін Оралхандай сүйетін және Оралханша жазатын дарындарды анықтау;
- Көркем очерк жанрын дамытуға және жаңғыртуға ықпал ету;
- Журналистер мен қаламгердердің шығармашылығына серпіліс беру;
- Ана тіліміздің сөздік байлығын жаңғырту, еңбек адамдарын және ел құндылықтарын насихаттау, дәріптеу, қолдау;
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР
- Өскемен қаласының әкімдігі;
- «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ;
- Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының ШҚО бөлімшесі;
- Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ.
МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана.
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.
Сауалдарыңыз болса, хабарласыңыздар:
+7 7778550705, +7 7074949883 (whatsapp) – Жиенбекова Жанат
8(7232) 25-17-70